Джубаниязова Нурсулу Дуйсенбаевна 1970 жылы 6 қарашада Батыс Қазақстан облысы,Чапаев ауданы,Жамбыл ауылы,Бұлан елді мекенінде көп балалы отбасында дүниеге келген.
1977 жылы ктеп табалдырығын аттап,1987 жылы Жамбыл орта мектебін ойдағыдай аяқтады.
1987 жылы Орал педагогикалық училищесіннің мектеп бөліміне оқуға түсіп,1990жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алды.
1992 жылы бітіріп,1995-1999 жылдар аралығында Орал қаласынағы М.Өтемісов атындағы педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетінде білім алды.
1990-1992 жылдары Чапаев ауданы,Жамбыл ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды.
1992-1999 жыл аралығында Шыңғарлау мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасады.
1999-2006 жылдары аталмыш мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім қызметін атқарды.
2006-2007 жылдары Ағартушы тілді үйрету орталығы мен «Андас» оқу орталығында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі курсынан дәріс берді.
2007-2012 жылдары аралығында Орал қаласының №4 ЖОББМ-де директордың әдістемелік істері,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2012-2019 жылдары Орал қаласы №42 «Ақниет» гимназиясында директордың тәрбие ісі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек етті.
2018 жылы «Ақниет» жеке бөбекжайын ашып, осы салада еңбек етуде.
Отбасы жағдайы- тұрмыста. Жолдасы – Джубаниязов Нурлан Ерикович. Дәрігер – кардиолог, үш ұлдың анасы.
Пікірлер қосу