Орал қаласының «Ақниет» жеке бөбекжайы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, Отандық білім берудің алдындағы жаңа міндеттер мен талаптарды орындау барысында, балалар бақшасына деген сұраныстың жоғарлауына байланысты, елімізде көптеген мектепке дейінгі ұйымдар ашыла бастады.
Осыған орай, Орал қаласында Жаңа Орда 77 мекен-жайында,жер аумағы 286 ш/м құрайтын, «Ақниет» бөбекжайы, 2018 жылы шілде айының үшінші жұлдызы күні ашылды.
Балабақша жалпы – 3 топтық, 54 орынға негізделді.
Балабақшада мынадай топтар жұмыс жасайды:
-Ерте жас /1 жас 6 айдан бастап /
-Кіші топ /2 жастан/
-Ортаңғы топ/3 жастан/
-Ересек топ /4 жастан/
-МАД топ /5жастан/
Мекеме екі қабатты,автономды жылыту жүйесімен,су, электр жүйелері орталықтандырылған, телекоммуникациямен қамтамасыз етіліп,өртке қарсы дабыл (сигнализация) орнатылған. Асхана, кір жуатын бөлме мен шаруашылық материалдарын сақтайтын қойма бар.
Медициналық кабинетпен қамтылған. Балабақшада жалпы 8 бейне камералар орнатылған, оның 6 данасы мекеме ішіне, 2 данасы мекеменің сыртына орналастырылған.
Барлық топтар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған жаңа жиһаздармен, ойын және көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген.
Арнайы бөлінген әр топқа арналған ойын алаңдары мен құралдары орналасқан алаңқайлар бар.
Бөбекжай-бақшаға тәрбиеленушілер https://balabaqsha.smartnation.kz электронды жолдамасы бойынша 1 жас 6 айдан бастап қабылданады. Балабақша жұмысын 8:00 ден бастап, кешкі сағат 18:00 де аяқтайды. Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.
Ас мәзірі таңғы, түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.
{gallery}it5/3{/gallery}

мектеп-лицейдің 4500-ден астам түлегі
олардың ішінде: ғалымдар, ұйымдардың басшылары
және мекемелер, бизнесмендер мен танымал музыканттар.


